«Жаңа әлемдегі жастардың келбеті»: КазҰУ-дағы қызу пікірталастар
29 сәуір 2026
29 сәуір 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде айтулы оқиға орын алды. №405 аудиторияда «Жаңа әлемдегі жастардың келбеті» атты тақырыпта екі топ арасында қызу пікір алмасу өтті. Бұл жай ғана кездесу емес, заманауи жастардың құндылықтары мен болашаққа деген көзқарасын айқындайтын ашық алаңға айналды.
Студенттер екі топқа бөлініп, жаһандану дәуіріндегі ұлттық код пен цифрлық мәдениеттің арасалмағын талқылады. Бірінші топ дәстүрлі құндылықтардың сақталуын жақтаса, екінші топ жаңа технологиялар мен креативті индустрияның мүмкіндіктеріне басымдық берді. Пікірталас барысында жастардың интеллектуалдық деңгейі мен сыни ойлау қабілеті жоғары екені байқалды.