1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!Farabi University

91ý

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

1 мамыр 2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

30 сәуір күні  Рекреациялық география және туризм және Картография және геоинформатика кафедралары бірлесе, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.

Мерекелік іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінде оқып жүрген барша ұлттардың өкілдері қатысты. Бұл шара – ұйымшылдықтың, өзара түсіністіктің және әртүрлі бағыттағы мамандар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді. Аталған іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктерін таныстырып, түрлі елдердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтатын интерактивті ойындар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, көпұлтты ортадағы өзара сыйластық пен бірліктің құндылығы айқын көрініс тапты.
           
Қатысушылар жылы атмосферада тәжірбие алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.