- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Academic Honesty» - Дипломдық және курстық жұмыстардағы плагиат пен күрес: заңдық және этикалық жауапкершілік
«Academic Honesty» - Дипломдық және курстық жұмыстардағы плагиат пен күрес: заңдық және этикалық жауапкершілік
Білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Academic Honesty» тақырыбында 4-курс, бітіруші түлектердің, қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Академиялық адалдықтың негізгі принциптері, соның ішінде плагиатқа жол бермеу, дереккөздерді дұрыс пайдалану, өз бетінше жұмыс орындау және әділ бағалау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру процесіндегі ашықтық пен әділдікті сақтау – әрбір студенттің жауапкершілігі екені атап өтілді.
Сондай-ақ бітіру жұмыстарын антиплагиат жүйесі арқылы тексеру тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Студенттерге дипломдық жұмысты дұрыс рәсімдеу, дәйексөздерді сауатты келтіру, мәтіннің бірегейлігін сақтау және антиплагиаттан сәтті өту жолдары бойынша нақты нұсқаулықтар берілді.
Студенттерге академиялық адалдық нормаларын бұзудың салдары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Түсіндірме жұмыстары интерактивті форматта өтіп,студенттер сұрақтарына жауап алды.
Осындай жұмыстар студенттердің жауапкершілігін арттыруға, білім сапасын жақсартуға және адал білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.