«Экология саласының үздігі»Farabi University

91ý

«Экология саласының үздігі»

6 мамыр 2026
«Экология саласының үздігі»

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының  аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Минжанова Гүлдана Маратқызы жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және қоршаған орта ғылымы мен экологиялық білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Әріптестері марапат иесінің жауапкершілігін, бастамашылдығын және өз ісіне деген адалдығын ерекше атап өтті. Минжанова Г.М. университетке, факультетке және әріптестеріне қолдау мен сенім білдіргендері үшін алғысын айтып, бұл марапаттың алдағы уақытта да нәтижелі еңбек етуге ынталандыратынын жеткізді.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұжымы Минжанова Гүлдана Маратқызын лайықты марапатымен құттықтап, жаңа табыстар, биік жетістіктер және кәсіби өсу тілейді.