«Wild Integrity» - Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тәртіп
«Wild Integrity» – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тәртіп пен экологиялық жауапкершілікті сақтауға негізделген қағида. Осы тақырып аясында туризм мамандығының студенттері оқу жорығына шығып, ұлттық парк пен қорықтағы заңнама талаптарын тәжірибе жүзінде зерттеді. Жорық барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін сақтап, табиғи аймақтарда қозғалу тәртібін орындады. Олар белгіленген соқпақтан шықпай, қоқыс тастамау және табиғи ортаға зиян келтірмеу сияқты негізгі талаптарды қадағалады. Сонымен қатар, гидтің көмегімен қорықтағы тыйым салынған әрекеттер мен олардың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпарат алды.
Практикалық бөлімде студенттер туристік тәртіп бұзылған жағдайларды талқылап, нақты мысалдар арқылы шешім жолдарын қарастырды. Жорық соңында олар табиғатты қорғау тек ереже емес, әр туристің мәдениеті мен жауапкершілігі екенін түсінді.
Басқа жаңалықтар