ЦУР ООН и современные молекулярно-генетические исследования: в КазНУ состоялся научный час, посвященный Международному дню ДНКFarabi University

91ý

ЦУР ООН и современные молекулярно-генетические исследования: в КазНУ состоялся научный час, посвященный Международному дню ДНК

24 сәуір 2026
ЦУР ООН и современные молекулярно-генетические исследования: в КазНУ состоялся научный час, посвященный Международному дню ДНК

24 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында Халықаралық ДНҚ күніне арналған ғылыми сағат ұйымдастырылды. Іс-шара оқытушыларды, жас зерттеушілерді және студенттерді біріктіріп, заманауи молекулалық биология, генетика және биотехнология салаларындағы өзекті ғылыми бағыттарды талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шараның ашылуында ұйымдастырушылар Халықаралық ДНҚ күнінің ХХ ғасырдағы аса маңызды ғылыми жаңалықтардың бірі – ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымының ашылуымен байланысты екенін атап өтті. Аталған жаңалық қазіргі молекулалық биология мен генетиканың дамуына негіз қалап, бүгінгі таңда медицина, биотехнология, геномика және дербестендірілген денсаулық сақтау салаларындағы қолданбалы шешімдердің ғылыми іргетасына айналғаны ерекше айтылды.

 


Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың молекулалық биология және генетика кафедрасы еліміздегі ең көне ғылыми-білім беру орталықтарының бірі екені, классикалық селекциялық бағыттарды заманауи молекулалық-генетикалық технологиялармен ұштастыра отырып, тұрақты ғылыми мектеп қалыптастырып келе жатқаны атап өтілді. Кафедра түлектері отандық және халықаралық ғылыми орталықтарда табысты еңбек етіп, биология ғылымының дамуына елеулі үлес қосуда.


 

Кездесу барысында ғылым мен білімді мемлекеттік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесінің берілуі ғылыми инфрақұрылымды нығайтуға, инновациялық зерттеулерді дамытуға және жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға мүмкіндік беретіні айтылды. ылыми сағат аясында молекулалық биология саласындағы заманауи зерттеулерге арналған баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар толықгеномды секвенирлеу деректері негізінде Mycobacterium tuberculosis генетикалық әртүрлілігі мен дәріге төзімділігін талдау, адам митохондриялық ДНҚ-сының тұқымқуалау механизмдері, сондай-ақ адам PD-L1 ақуызы экспрессияланған Saccharomyces cerevisiae ашытқыларын құрастыру бағытындағы синтетикалық биология жетістіктерін талқылады.

 

 

Ұсынылған зерттеулердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты екені атап өтілді. Атап айтқанда, ТДМ 3 «Сапалы денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім беру» және ТДМ 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарына қол жеткізуде молекулалық биология мен генетика ғылымдарының маңызы зор екені көрсетілді. Бұл бағыттар ауруларды диагностикалауды жетілдіруге, биомедициналық технологияларды дамытуға және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Қатысушылар осындай ғылыми іс-шаралардың академиялық сабақтастықты дамыту, ғылыми диалогты нығайту және жас зерттеушілерді қолдау тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы