Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесіне қатысты — ҚазҰУ

91ý

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесіне қатысты

13 сәуір 2026
Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесіне қатысты

2026 жылғы 13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарының білім беру көрмесі өтті. Іс-шара 10-11 сынып оқушыларына, олардың ата-аналары мен педагогтеріне арналды және кәсіби бағдар беру мен заманауи білім беру мүмкіндіктерімен таныстырудың маңызды алаңына айналды.

Көрме аясында қатысушылар білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, академиялық ұтқырлық және жетекші жоғары оқу орындарындағы оқу перспективалары туралы жан-жақты ақпарат алды. Университет өкілдері талапкерлерге кеңес беріп, олардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандықты таңдауға байланысты кәсіби бағыт-бағдар ұсынды.

Аталған көрме мектеп оқушыларының жоғары білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттануын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етті.


Іс-шараға молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Чунетова, Н.А. Алтыбаева, А.К. Қуанбай, А.Д. Сербаева және басқа да кафедра өкілдері белсенді қатысты.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы