- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасының өкілі Times Higher Education фокус-топына қатысты
Молекулалық биология және генетика кафедрасының өкілі Times Higher Education фокус-топына қатысты
14 сәуір 2026
2026 жылғы 14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің рейтингтік даму стратегиясына байланысты Times Higher Education (THE) халықаралық жоғары білімді бағалау және рейтингтеу ұйымы өкілдерінің қатысуымен фокус-топ отырысы өтті.
Іс-шара барысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы атынан, ректор аппаратының тапсырмасымен биология және биотехнология факультетінің өкілі ретінде молекулалық биология және генетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, АҚШ үкіметінің беделді Fulbright бағдарламасының стипендиаты (2011-2012), «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2021» атағының иегері, PhD Жусупова А.И. қатысты.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы