Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өттіFarabi University

91ý

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті

28 сәуір 2026
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары өтті

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында докторанттардың ғылыми семинары сәтті өтті. Семинар барысында жас зерттеушілер өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, заманауи ғылымның өзекті бағыттарын талқылады.

Іс-шара аясында қатысушылар баяндамалар жасап, тәжірибе алмасып, оқытушылар мен ғылыми жетекшілерден ұсыныстар алды. Семинар докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және кәсіби біліктілігін арттыруға маңызды алаң болды.

Кафедра оқытушылары докторанттардың жұмыстарына байланысты қосымша сұрақтар қойып, бірқатар ескертулер берді. Сонымен қатар, жұмыстың теориялық және практикалық негіздерін тереңдету, кейбір бөлімдерді нақты деректермен толықтыру және зерттеу әдістерін жетілдіру қажеттілігі атап өтілді. Алынған нәтижелерді талдауды кеңейту, жобаның мақсаттары мен гипотезаларын нақтылау, қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізу және соңғы ғылыми жаңалықтарды ескеру ұсынылды.