- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастық: Жаңа белес және ғылыми байланыстар
Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастық: Жаңа белес және ғылыми байланыстар
Қазіргі кезеңде халықаралық қатынастардың жаңа парадигмасы қалыптасып жатқан тұста құқықтық ынтымақтастықты тереңдету – стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті бірлесіп құрған «Қытай–Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы – Қытай–Қазақстан құқықтық зерттеу орталығы» халықаралық әріптестіктің жаңа белесін айқындайды. Осы әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылдың 14 мамырында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасына Қытай Халық Республикасындағы Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің профессоры Zhang Guangyao бастаған зерттеушілер тобы арнайы сапармен келді. Кездесу барысында тараптар қазіргі халықаралық қатынастар жағдайындағы құқықтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, ғылыми байланысты одан әрі дамыту бағыттарын айқындады.
Басқа жаңалықтар