ҚазҰУ студенті – Есенов қорының стипендиатыFarabi University

91ý

ҚазҰУ студенті – Есенов қорының стипендиаты

15 мамыр 2026
ҚазҰУ студенті – Есенов қорының стипендиаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Нейроғылым» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Диас Әлімбетов жас ғалымдарға арналған Шахмардан Есенов қорының стипендиялық байқауында жеңіске жетті.

Бұл дода өте жоғары бәсекелестігімен ерекшеленді. Республика бойынша бақ сынаған 500-ге жуық үміткердің ішінен тек 20 үздік студент іріктеліп алынды. Диас өзінің қабілеті мен жоғары академиялық көрсеткіштерінің арқасында осы тізімге еніп, өзінің ғылыми әлеуетін дәлелдей білді.

Қазіргі таңда Диас Әлімбетов университет жанындағы Ми институтында ғылыми көмекші ретінде жемісті еңбек етіп келеді. Ол адам миының қызметін тереңірек зерттеу мақсатында магниттік-резонанстық томография (МРТ), электроэнцефалография (ЭЭГ) және жақын инфрақызыл диапазондағы функционалдық спектроскопия сияқты заманауи нейровизуализация әдістерін қолданады. 

Студенттің айтуынша, бұл стипендия – оның еңбегінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар отандық нейроғылымды дамыту жолындағы жауапкершілігін арттыратын маңызды қолдау.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі