ҚазҰУ студенттері АҚШ профессоры Уалбай Өмірбаевтан дәріс аладыFarabi University

91ý

ҚазҰУ студенттері АҚШ профессоры Уалбай Өмірбаевтан дәріс алады

15 мамыр 2026
ҚазҰУ студенттері АҚШ профессоры Уалбай Өмірбаевтан дәріс алады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев АҚШ-тың Уэйн университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Уалбай Өмірбаевпен кездесті. 

Тараптар қос жоғары оқу орны арасындағы әріптестік байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы жоспарларды пысықтады.

Басқосуда Жансейіт Түймебаев университеттің бүгінгі жетістіктеріне кеңінен тоқталып, математика, физика, химия, биология және жасанды интеллект салаларында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін бөлісті. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың артуы оқу орнының ғылыми әлеуетін күшейтуге зор мүмкіндік беріп отырғанын жеткізді.

Кездесу соңында университет басшысы Уалбай Өмірбаевтың ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдарына арналған көшбасшылық дәрістерінің санын арттыруды ұсынды. Ректордың айтуынша, профессордың ғылыми ізденістері мен халықаралық деңгейдегі жобалары білім алушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырып отыр. Өз кезегінде Уалбай Өмірбаев ҚазҰУ зерттеушілерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын айтып, алдағы уақытта да ортақ ғылыми бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі