Задубенко Денис Владимирович
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Задубенко Денис Владимировичтің «Көрінетін және инфрақызыл диапазондағы электромагниттік сәулеленудің адам сперматозоидтарының қозғалғыштығы мен ультрақұрылымдық ұйымдасуына әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасы базасында (Алматы қ., Қазақстан) және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің эмбриология кафедрасы базасында (Мәскеу қ., Ресей) орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сафарова Юлия Ивановна – PhD, Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының аға ғылыми қызметкері, Назарбаев университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: Биомедициналық инженерия
2. Корочкина Елена Александровна – ветеринария ғылымдарының докторы, доцент, Генетикалық және репродуктивтік биотехнологиялар кафедрасының меңгерушісі, Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринариялық медицина университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей). Мамандығы: 04.02.01 – Жануарлар патологиясы, морфологиясы, физиологиясы, фармакологиясы және токсикологиясы.
ылыми жетекшілер:
1. Локшин Вячеслав Нотанович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академигі, «МКЦР Persona» ЖШС Бас директоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Голиченков Владимир Александрович – биология ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті эмбриология кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Малмаков Нурлан Икласович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты (Алматы қ., Қазақстан)
2. Кошенов Жанат – PhD, молекулалық биология және биохимия кафедрасы, Грац медициналық университеті (Грац қ., Австрия)
3. Салимбаева Дамилия Нургазиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 15 маусымда сағат 15:00-де әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/93228183612?pwd=JtziZ3ZYI5ZMe02Buk3XhTMH4HKplH.1
Идентификатор: 932 2818 3612
Басқа жаңалықтар