ҚазҰУ оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетінде дәріс оқып, тәжірибе бөлісті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетінде дәріс оқып, тәжірибе бөлісті

20 мамыр 2026
ҚазҰУ оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетінде дәріс оқып, тәжірибе бөлісті

2026 жылғы 10–17 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасы мен молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетіне (Бұхара, Өзбекстан) академиялық іссапармен барды.

 

Делегация құрамында қауымдастырылған профессор Г.К. Қайырманова, профессор Ш.А. Атамбаева және қауымдастырылған профессор А.В. Ловинская болды. Сапар барысында оқытушылар Бұхара мемлекеттік университетінің студенттеріне дәрістік және практикалық сабақтар өткізді. Академиялық іссапар Бұхара мемлекеттік университетінің ресми шақыруы негізінде ұйымдастырылды.

Аталған академиялық сапар университеттің халықаралық танымалдылығын арттыруға, кәсіби байланыстарды дамытуға және білім беру мен ғылыми қызметті халықаралық академиялық кеңістікке одан әрі кіріктіруге ықпал етті.