Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Индира Желдібаеваның жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген мониторинг барысында жоғары бағаланды.
«Антиоксиданттық және биологиялық белсенділікті арттыру, сондай-ақ қолдану аясын кеңейту мақсатында қоңыр көмірден алынатын гумин қышқылдарын бағытталған химиялық жолмен модификациялау әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысына университет ғалымдары мен докторанттар белсенді қатысуда.

Аталған жоба гранттық қаржыландыру негізінде орындалып, минералдық және органикалық шикізатты терең өңдеу бағытындағы маңызды ғылыми міндеттерді шешуге бағытталған.

Орталық жүргізген арнайы мониторинг барысында жобаның жұмыс жоспарының орындалуы, алынған ғылыми нәтижелер, жарияланым белсенділігі, мақсатты көрсеткіштердің жүзеге асырылуы және нәтижелерді тәжірибеге енгізу мүмкіндіктері жан-жақты қаралды. Бағалау қорытындысы жоба жұмысының ғылыми әрі практикалық маңызы жоғары екенін көрсетті.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар