Марокко университеттерімен ынтымақтастық артадыFarabi University

91ý

Марокко университеттерімен ынтымақтастық артады

22 Мам, 2026
Марокко университеттерімен ынтымақтастық артады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Марокко халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық қауымдастығының президенті Хассан Аммаримен кездесу өткізді. 

Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады.

Жансейіт Қансейітұлы Марокко ЖОО-лары мен ҚазҰУ арасындағы әріптестік байланысты дамытуда елеулі үлес қосып жүрген Хассан Аммариге ризашылығын білдірді. Өз сөзінде ректор оқу ордасының соңғы жетістіктерін таныстырып, марокколық университеттің филиалын ҚазҰУ базасында ашуды ұсынды. 

«ҚазҰУ Марокко жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарымен байланыстарды кеңейтуге әрдайым дайын. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы білім, ғылым және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Студенттер мен оқытушылар алмасуын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру ортақ мақсатымыздың бірі», – деді ректор. 

Кездесуде Хассан Аммари көрсетілген ілтипат үшін оқу ордасының басшылығы мен ұжымына алғыс айтып, болашақта атқаратын жұмысының жоспарымен таныстырды. 

Жүздесу соңында тараптар серіктестікті арттыруға бағытталған меморандумға қол қойды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі