ҚазҰУ-да Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған волейбол турнирі басталдыFarabi University

91ý

ҚазҰУ-да Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған волейбол турнирі басталды

23 мамыр 2026
ҚазҰУ-да Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған волейбол турнирі басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ерлер және әйелдер командалары арасында жағажай волейболынан турнир басталды. Жарыс көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Шараны «Буревестник-Алматы» волейбол клубы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп өткізуде. 

Ұйым студенттік спортты дамыту аясында университетпен белсенді ынтымақтастық орнатқан. «Буревестник-Алматы» волейбол клубының президенті Аманжол Шабдарбаев университет басшылығына көпжылдық жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғысын білдірді. Оның айтуынша, университеттің қолдауы волейбол қозғалысын тек республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық аренада да дамытуда маңызды рөл атқарады.

Кәсіби «Буревестник-Алматы» волейбол клубының құрамында ҚазҰУ студенттері табысты өнер көрсетіп жүр. Клуб ойыншылары халықаралық біріншіліктерде Қазақстанның намысын тұрақты түрде қорғайды. 

Жарыс халықаралық стандарттарға сай келетін ҚазҰУ спорт кешенінде өтуде. Бұған дейін бұл алаңда «Достық кубогы» мен ҚР Кубогы сияқты беделді турнирлер ұйымдастырылған.

Студенттік спортты серпілтуді көздейтін бұл турнир екі күнге созылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі