- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
(18.05.2026 – 22.05.2026)
Жансейіт Қансейітұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» тақырыбындағы симпозиумға қатысты.
Ректор «І Баку түркология құрылтайының 100 жылдығында: түркология және түркі әлемі» атты халықаралық симпозиумда баяндама жасады.
Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық кітапханасында өткен іргелі ғылыми басылымдардың салтанатты тұсаукесеріне қатысты.
Ректор «Самғау» қорының басқарма төрағасы Төлеген Орашевпен жүздесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жансейіт Қансейітұлы Марокко халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық қауымдастығының президенті Хассан Аммаримен кездесу өткізді.
ЖОО басшысы Шаньдун сәулет жобалау институты директорлар кеңесінің мүшесі, бас директордың орынбасары Хань Шаолун бастаған делегацияны қабылдады.
ҚазҰУ ректоры АҚШ-тағы American Councils зерттеу орталығының директоры Дэн Дэвидсонмен келіссөз жүргізді.
Жансейіт Түймебаев ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұржан Исмағұловпен кездесті.
Басқа жаңалықтар