Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03201 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жәнібек Тұлпардың «Жалпытүркілік кеңістік: ақпараттық-коммуникациялық генезис мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Каримова Бибигуль Жұмашқызы – философия докторы (PhD), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Журналистика кафедрасының меңгерушісі (Талдықорған қ., Қазақстан).
2. Шиндалиева Менликул Бурханқызы – ф.ғ.д., Тұран университеті Медиа және мәдениетаралық коммуникация жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі (Алматы қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Ақынбекова Алтын Бақашқызы – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Нури Тиназ – философия докторы (PhD), Мармара университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әлеуметтану кафедрасы, Қолданбалы әлеуметтану бөлімінің профессоры (Стамбул, Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қуантаев Нұржан Қуантайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры (Астана қ. Қазақстан);
2. Сләмғажы Айнұр – философия докторы (PhD), Aстана ақпараттық технологиялар университеті (Аstana ITU) Креативті индустрия мектебінің ассистент-профессоры (Астана қ., Қазақстан);
3. Абаева Мадина Кабылқызы - филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Психолингвистика кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 23 маусымда сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D050400, 8D03201 – Журналистика, 8D03202 – Медиа және коммуникациялар, 8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Журналистика факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор конференции: 850 1839 2319
Басқа жаңалықтар