ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

91ý

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

27 мамыр 2026
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері және білім алушы жастар!

Сіздерді күллі мұсылман үшін қастерлі мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – береке мен бірліктің, қайырымдылық пен ізгіліктің символы. Бұл күндері жүректер жылылыққа толып, реніштер ұмытылады, ал игі істер мен өзара көмек көрсету дәстүрі қоғамымызды нұрландыра түседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең».

Университет – тек білім ордасы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды егетін үлкен тәрбие мекені. Біз Президентіміз айтқан «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында білімді де иманды, отансүйгіш әрі парасатты мамандар тәрбиелеуді басты міндетіміз деп білеміз. Құрбан айттың мән-маңызы бізді бір-бірімізге құрметпен қарауға, білім жолында адал болуға және қоғамға пайдамызды тигізуге үндейді.

Осы қасиетті мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

Жасаған игі амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын! 

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Ізгі ниетпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ