«Фараби әлемі – 2026»: ылыми талқылау мен ізденіс алаңы — ҚазҰУ

91ý

«Фараби әлемі – 2026»: ылыми талқылау мен ізденіс алаңы

7 сәуір 2026
«Фараби әлемі – 2026»: ылыми талқылау мен ізденіс алаңы
​2026 жылдың 7 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі философияның өзекті мәселелері» секциясының жұмысы өз мәресіне жетті.
​Жиынды философия докторы (PhD), философия кафедрасының міндетін атқарушы Назгүл Жанысқызы алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында жас ғалымдардың жұмысына сараптама жасап, әділ бағасын берген комиссия мүшелері — философия ғылымдарының докторы Берік Мұратұлы Аташ пен философия ғылымдарының кандидаты Лесхан Әмірханұлы студенттер мен магистранттардың ізденістерін жоғары бағалады.
​Секция жұмысында «Миметикалық қалау», «Цифрлық қоғамдағы бақыт ұғымы» және «Физика мен философия тоғысындағы ақпараттық жарылыс» секілді заманауи әрі өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Жас ізденушілердің ғылыми жауапкершілігі мен талқылауға белсенді қатысуы ерекше атап өтілді.
​Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!