- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мәтін мәдениеті: сөз саптаудан сана сапасына дейін»: ҚазҰУ-дағы танымдық дәріс
«Мәтін мәдениеті: сөз саптаудан сана сапасына дейін»: ҚазҰУ-дағы танымдық дәріс
19 ақпан 2026
Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім» тұжырымдамасы аясында республикалық «Ана тілі» ұлт газеті Бас редакторының орынбасары, танымал журналист, аудармашы, факультетіміздің түлегі Қарагөз Смәділмен «Мәтін мәдениеті: сөз саптаудан сана сапасына дейін («Ана тілі» газеті мысалында)» тақырыбында дәріс өтті.
Шараны философия докторы (PhD), философия кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, доцент м.а. Назгүл Жанысқызы мен философия докторы (PhD), доцент м.а. Досжан Балабекұлы ұйымдастырды.
Дәріс барысында спикер 1990 жылы жарық көрген «Ана тілі» газетінің тарихи материалдарына тоқталып, мәтін мәдениеті мен ерекшеліктерін атап өтті. Оның айтуынша, жазу әртүрлі болғанымен, дүниетаным бір нәрсе болып қала береді.
Сонымен қатар көптеген көнерген сөздердің қолданыстан шығып, ұмыт бола бастағаны айтылды. Газет редакциясы мұндай сөздерді қайта жаңғыртып, оқырман жадында жаңғыртуға күш салып келеді.
Қарагөз Смәділ мәтінтануда сөздердің реңкі мен мағынасының уақыт өте өзгеретінін ерекше атап өтті. Көнерген сөздердің әр дәуірдегі қолданысы мен мағынасы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты құбылып отырады. Сондықтан филологиялық сараптама барысында осы ерекшеліктерді ескеру қажеттігі айтылды. Әсіресе философтар тарихи деректерді, дәстүр мен болмысты зерттегенде тілдік және мәтіндік қырларын терең талдауы тиіс екені назарға алынды.
Спикер мәтін мәдениетінің қоғамдық санаға әсері медиа саласы үшін де аса маңызды екенін жеткізді.
Шара аясында студенттерге көнерген сөздер жасырылып, танымдық ойын ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Кездесу соңында білім алушылар «Ана тілі» газетінің тарихи беттері негізінде мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, қонаққа алғыс білдірді
Басқа жаңалықтар
15 маусым 2026
15 маусым 2026
15 маусым 2026