Шанхай өкілдері ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетімен танысты — ҚазҰУ

91ý

Шанхай өкілдері ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетімен танысты

28 мамыр 2026
Шанхай өкілдері ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетімен танысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне  Шанхай үкіметінің кеңесшісі, Unesco Tec басқарушы кеңесінің мүшесі Вэнь Юань бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен келіп, оқу ордасының ғылыми әлеуетімен танысты. 

Құрметті қонақтарды Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева қабылдап, серіктестікті арттыру мәселесін талқылады. 

Проректор жүздесуде университеттің ғылым және жасанды интеллект салаларындағы жетістіктерін таныстырып, атқарылып жатқан іргелі және қолданбалы зерттеулер туралы мәлімет берді. Сондай-ақ оқу ордасында цифрлық технологияларды дамыту, жас ғалымдарды қолдау және халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Кездесу қорытындысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендерін білдіріп, болашақта нақты жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі