ҚазҰУ көкжиегін кеңейтуде: Scopus Q1 деңгейіндегі халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялаудың жаңа стандарттары талқыланды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ көкжиегін кеңейтуде: Scopus Q1 деңгейіндегі халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялаудың жаңа стандарттары талқыланды

25 мамыр 2026
ҚазҰУ көкжиегін кеңейтуде: Scopus Q1 деңгейіндегі халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялаудың жаңа стандарттары талқыланды

2026 жылғы 25 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы мен Scopus Q1 деректер базасына кіретін&Բ;«Білім интеграциясы» журналының редакторлары Гордина Светлана Викторовна жне Никонова Юлия Николаевнамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері, халықаралық рецензияланатын басылымдарда, соның ішінде «Білім интеграциясы» журналында ғылыми мақалаларды жариялау перспективалары, сондай-ақ халықаралық деректер базаларында индекстелетін журналдарға ғылыми жарияланымдарды даярлау талаптары талқыланды. Ерекше назар ғылыми зерттеулер сапасын арттыру, академиялық әдеп қағидаларын сақтау жне ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне аударылды.