Академиялық серіктестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Н.Б. Сапарбаева ММУ-де қытайтану бойынша дәріс бердіFarabi University

91ý

Академиялық серіктестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Н.Б. Сапарбаева ММУ-де қытайтану бойынша дәріс берді

28 мамыр 2026
Академиялық серіктестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Н.Б. Сапарбаева ММУ-де қытайтану бойынша дәріс берді

2026 жылғы 12 мамыр мен 1 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызының Н. П. Огарёв атындағы ММУ Шетел тілдері факультетінің шақыруымен&Բ;студенттерге арналған офлайн сабақтары жалғасты.

Білім беру бағдарламасы аясында оқытушы қытай тілі мен Қытай тарихы бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды жалғастырып, студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ауызекі сөйлеу қабілетін жетілдіруге, сөздік қорын кеңейтуге, сондай-ақ Қытайдың тарихи-мәдени ерекшеліктерін тереңірек меңгеруге ерекше назар аударды.

Сабақ барысында студенттер Қытай тарихының маңызды кезеңдерімен, дәстүрлі және заманауи қытай мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, қытай тілінде тыңдалым, оқылым және сөйлеу дағдыларын белсенді түрде дамытты. Офлайн сабақтар студенттердің қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырып, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етті.