Ахмет Ғалымжан Бауржанұлы — ҚазҰУ

91ý

Ахмет Ғалымжан Бауржанұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ахмет Ғалымжан Бауржанұлының  «Қазақстан Республикасында климатты қорғауды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі. 

Ресми рецензенттер: 

1. Мукашева Анор Абайхановна - заң ғылымдарының докторы, «Narxoz»  университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Айгаринова Гүлнар Төлеухадировна - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

ылыми кеңесшілер:

1. Бекежанов Даурен Нуржанович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  (Талдықорған қ., Қазақстан);

2. Лунева Елена Викторовна – заң ғылымдарының докторы, Қазан федералды университетінің экологиялық, еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасының профессоры (Казан қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Жусипова Бакыт Акылбаевна – заң ғылымдарының кандидаты, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан);

2. Апахаев Нурлан Жилкайдарович –  заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты (Алматы қ., Қазақстан);

3. Шамсидинов Зайниддин Зиёвидинұлы – философия докторы (PhD), доцент, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).

Қорғау 2026 жылдың 29 маусым күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы /білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

 

Конференция идентификаторы: 937 4685 8287

 Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы