Жұмаділ Қайырғали Мұратұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07102 — Химиялық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жұмаділ Қайырғали Мұратұлының «2D MXene материалының негізгі прекурсоры, алюминийлендірілген титан карбидтерін синтездеу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында және «электрохимиялық өндірістер технологиясы» зертханасында орындалды.
Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі — орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Султанов Фаиль Разифович — PhD, профессор, «Institute of New Materials and Energy Technologies» жетекші ғылыми қызметкер, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);
2. Иванова Наталия Анатольевна — техника ғылымдарының кандидаты, Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Мальчик Федор Игоревич — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры және «электрохимиялық өндірістер технологиясы» зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
2. Netanel Shpigel — PhD, University of Ariel профессоры және жекетші ғылыми қыметкері (Ариэль қ., Израиль).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Vardan Galstyan — философия докторы (PhD), Италияның Ұлттық зерттеу кеңесіне (CNR-IMEM) қарасты Электроника және магнетизм материалдары институтының аға ғылыми қызметкері (Парма қ., Италия);
2. Кох Константин Александрович — геология-минералогия ғылымдарының докторы, В.С. Соболев атындағы геология және минералогия институтының жетекші ғылыми қызметкері (Новосибирск қ., РФ);
3. Байменов Альжан Жулдасович — PhD, қауымдастырылған профессор, Физика-техника институтының аға ғылыми қызметкері, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6D73900, 8D07101 — Мұнайхимия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/84817235804?pwd=1100EtTBB82CHNUKkmP9WXIq7lx9kC.1
Идентификатор: 848 1723 5804
Басқа жаңалықтар