Талапкерлерді қабылдау талаптары күшейтіледіFarabi University

91ý

Талапкерлерді қабылдау талаптары күшейтіледі

29 мамыр 2026
Талапкерлерді қабылдау талаптары күшейтіледі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында жоғары оқу орнының академиялық және ғылыми дамуындағы маңызды бағыттар қаралып, білім беру бағдарламаларына талапкерлерді сапалы қабылдауды қамтамасыз ету және докторлық диссертацияларды уақтылы қорғау жұмыстарын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева баяндама жасады. Ол өз сөзінде талапкерлерді сапалы қабылдау университеттің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, бұл тек студенттерді оқуға қабылдау үдерісі ғана емес, елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын маңызды механизм. «Университеттің басты мақсаты – білімге құштар, дарынды әрі бәсекеге қабілетті жастарды тарту. Бұл – болашақ мамандарды даярлаудың сапасын айқындайтын негізгі факторлардың бірі», – деді проректор.

Сонымен қатар университетте кәсіби бағдар беру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп, мектептермен, лицейлермен және колледждермен байланыс нығайып келе жатқаны айтылды. Биыл университетте оқытылатын бірқатар мамандықтар бойынша талап күшейтіліп, қабылдау балы көтеріледі. Бүгінде талапкерлер үшін заманауи цифрлық сервистер енгізіліп, студенттерге академиялық қолдау көрсету тетіктері жетілдірілуде. Механика-математика факультетінің деканы Мәдина Мансұрова қосымша баяндама жасап, факультеттің жаратылыстану-ғылыми бағыттағы білім беру бағдарламаларына үздік талапкерлерді тарту тәжірибесімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев бүгінде ел экономикасында заманауи білім мен кәсіби құзыретке ие жаңа буын мамандарына сұраныс жоғары екенін алға тартты. Осы мақсатта талапкерлерге заманауи әрі тартымды академиялық орта қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп оқушыларының математика, IT және инженерлік бағыттарға қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударылды. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов баяндама жасап, диссертациялық кеңестер қызметін үйлестіру және докторанттарға ғылыми жетекшілік етудің тиімділігі мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, докторлық диссертациялардың уақтылы қорғалуы университеттің ғылыми қызметінің нәтижелілігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. «ылыми жетекшіліктің сапасы жаңа буын зерттеушілерін даярлауға және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға тікелей әсер етеді», – деді ол. Сонымен қатар факультеттер мен кафедралар бойынша докторанттардың үлгеріміне қатысты нақты мәліметтер мен деректерді ұсынды.

Талқылау барысында ғылыми кеңесшілердің жауапкершілігін күшейту, докторанттардың жеке жоспарларының орындалуын жүйелі бақылауды жетілдіру, сондай-ақ жас ғалымдардың жарияланымдық белсенділігін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі