ERASMUS+ бағдарламасы - кәсіби және академиялық дамудың халықаралық тәжірибесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «6B02303 – Шетел филологиясы (Батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Дүйсенбай Мейірбек пен Мәдиева Салтанат Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында University of Poitiersуниверситетінде, Poitiers қаласында, Францияда тағылымдамадан өтіп келді. Суденттер үшін шетелде оқу кезеңі кәсіби және академиялық дамудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибе алудың жолы. Бұл бағдарлама студенттердің білім көкжиеегін кеңейтіп, тілдік дағдыларын жетілдіруге және Еуропаның түрлі елдерінің мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.
Пуатье университетінде оқу барысында студенттер шетел филологиясы, батыс тілдері, мәдениетаралық коммуникация және қазіргі еуропалық әдебиетке байланысты пәндер бойынша дәрістерге, семинарлар мен практикалық сабақтарға қатысты. Оқу үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті әдістер мен заманауи білім беру технологиялары қолданылған. Оқытушылар студенттерді пікірталастарға, топтық жобаларға және зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатыстырып отырды. Бұл өз кезегінде сыни ойлау, талдау жасау және академиялық жазу дағдыларымызды дамытуға ықпал етеді.
.jpeg)
Әсіресе, әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттермен тұрақты қарым-қатынас жасау студенттер үшін өте құнды тәжірибе болды. Университеттегі халықаралық орта шетел тілдерін меңгеру деңгейін едәуір арттырып, тілдік кедергіні жеңуге және өз ойларын еркін жеткізуге көмектесті. Францияда болған уақыт ішінде Салтанат пен Мейірбек Еуропа, Азия және басқа да аймақтардан көптеген достар тауып, олардың дәстүрлері, өмір салты және білім беру жүйесімен танысты.
.jpeg)
Оқу үдерісінен бөлек, студенттер университет ұйымдастырған түрлі мәдени және білім беру іс-шараларына белсенді түрде қатысқан. Халықаралық студенттік кездесулерге, тақырыптық конференцияларға, экскурсияларға, тілдік клубтарға және мәдени фестивальдерге қатысу арқылы француз мәдениеті, тарихы мен дәстүрлерін тереңірек таныған.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының ең жарқын тұстарының бірі – Францияның тарихи жерлеріне сапарларын атауға болады. Бұл саяхаттар Еуропаның мәдени әртүрлілігін көруге, тарихи орындарымен, сәулетімен және түрлі халықтардың өмір салтымен танысуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қорытындысы бойынша Erasmus+ бағдарламасына қатысу студенттік өмірдің ең маңызды әрі есте қаларлық кезеңдердің бірі болғанын сеніммен айтуға болады. Студенттер алған білім, халықаралық тәжірибе, жаңа достық байланыстар және мәдени алмасу олардың болашақ оқу үдерісі мен кәсіби қызметіне үлкен пайдасын тигізеді. Студенттер шетелде білім алуға және университетімізді халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік бергені үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Erasmus+ бағдарламасына және Пуатье университетіне шынайы алғысын білдіріп жатыр.
Искакова Гүлназ, Азимбаева Индира
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары
Басқа жаңалықтар