ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ — ҚазҰУ

91ý

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

31 мамыр 2026
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ҚАНСЕЙІТҰЛЫ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

(25-29.05.2026)

1. Жансейіт Қансейітұлы Қазанда өткен Азия университеттері қауымдастығының VII съезіне қатысып, баяндама жасады.

2. Ректор Қазан мемлекеттік мәдениет институтына арнайы жұмыс сапарымен барып, оқу ордасының ғылым және шығармашылық бағыттардағы жетістіктерімен танысты.

3. Жансейіт Түймебаев Түлектер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.

4. Оқу ордасының басшысы ылыми кеңестің кезекті отырысын өткізіп, университетке талапкерлерді қабылдау мәселесін талқылады.
 
5. Жансейіт Қансейітұлының қатысуымен «ҚазҰУ – XUST биоконверсия бойынша бірлескен зертхана» ашылды.

6. Университет ректоры Алматы қаласы сотының төрағасы Арман Жүкеновпен кездесу өткізді.

7. Ректор көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА құрметті академигі, химия ғылымының докторы, профессор Хабиболла Құсайынұлы Оспановтың құрметіне арналған атаулы зал мен оқу аудиториясының салтанатты ашылуына қатысты.

8. ҚазҰУ басшысы «Алтын Орда дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі ретінде: тіл, мәдениет және сәйкестік» атты халықаралық ғылыми семинарда баяндама жасады.

9. Жансейіт Түймебаев «1981 жылғы түлектер» атауын иеленген жаңартылған №301 аудитория мен «1996 жылғы түлектер» атындағы №4 дәріс залының салтанатты ашылуында сөз сөйледі.