Ниязбеков Серик Аманкулович — ҚазҰУ

91ý

Ниязбеков Серик Аманкулович

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02202 – Философия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ниязбеков Серик Аманкуловичтің «Әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі цифрлық иеліктен шығаруға философиялық талдау»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.  

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті философия кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1.Барлыбаева Гаухар Гинаядовна – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 09.00.03 – Философия тарихы (Алматы қ., Қазақстан);

2.Оспанов Тауекель Тлеубекович – философия докторы (PhD), Қазақстан-Неміс университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

ылыми жетекшілер:

1. Лифанова Татьяна Юрьевна – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Белов Владимир Николаевич – философия ғылымдарының докторы, профессор, РУДН Онтология және таным теориясы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сағиқызы Аяжан – философия ғылымдарының докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының аға маманы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Мәлік Галым Алауидинұлы – философия докторы (PhD), С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 3 шілдесінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің 123-аудиториясында (Масаншы көшесі, 39) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу

Конференция идентификаторы: 956 7580 9988

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы