Жаһандық дамудың жаңа кезеңі — ҚазҰУ

91ý

Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

1 маусым 2026
Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

Жасанды интеллект – уақытша тренд емес, жаһандық дамудың жаңа кезеңі. XXI ғасыр адамзат тарихында технологиялық серпілістер дәуірі ретінде қалары сөзсіз. Соның ішінде жасанды интеллект – қазіргі заманның ең ықпалды және жүйеқұраушы технологиясы. Ол тек цифр­лық құрал немесе бағдарламалық өнім емес, жаһандық дамудың жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық фак­торға айналды. Бүгінде жасанды интеллект экономиканы, ғылым­ды, білім беруді, өндірісті және әлеуметтік қа­ты­настарды түбегейлі өзгертіп отыр. Егер бұрын техно­ло­гиялар адамның физикалық еңбегін жеңілдетуге ба­ғыт­тал­са, қазіргі ЖИ адамзаттың интеллектуалдық әлеуетін күшейтетін құрал ретінде қалыптасуда.

Жасанды интеллект білім бе­ру жүйесін де түбегейлі өз­гер­туде. ЖИ-дің болашағы – адам интеллектісін алмастыру емес, оны күшейту. Ол жеке оқу траекторияларын қалып­тас­тырып, білім алушының қабілетіне бейімделген жаңа форматтарды ұсына алады. Нәтижесінде білім тек ақпарат беру емес, ойлау мәдениетін қалыптастыру құралына айна­ла­ды. 
Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз бе­рілген білім – адамзаттың қас жауы» деген даналық сөзі бүгінгі ЖИ дәуірінде ерекше мән­ге ие. Себебі жасанды ин­тел­лектіні тиімді пайдалану үшін тек технология емес, жа­­уап­кершілік пен адам­герші­лік қажет. Жасанды интеллект ғы­лым мен технологиядағы күр­де­лі жүйелерді талдау мен бол­жауда бұрын-соңды бол­ма­ған мүмкіндіктер ашты. Қа­зіргі ғылыми-технологиялық трендтерді ескере отырып, ЖИ дамуын бірнеше негізгі бағыт бойынша сипаттауға болады. Физикада, химияда, био­ло­гия­­да және медицинада ЖИ үлкен деректерді өңдеп қана қой­май, жасырын заң­ды­лық­тарды анық­тауға, жаңа гипо­те­залар ұсы­ну­ға қабілетті. Сон­дай-ақ тур­бу­ленттілік, диф­­фузия (бей­­сызық про­цес­тер) және конвекция сияқты күрделі процестерді болжауда ЖИ-дің рөлі артады. ылым мен білім беру ЖИ: ғылыми ма­қалаларға шолу жасау, ги­по­теза ұсыну, эксперимент жос­па­рын құруда көмекші болады; университеттерде жеке білім беру траекториясын қалыптас­ты­рады; күрделі ұғымдарды визуализациялау арқылы бі­лім­ді меңгеруді жеңілдетеді. Ғы­лыми зерттеулерде ЖИ «құ­рал» мәртебесінен «интеллек­туалдық серіктеске» айна­ла­ды. ЖИ ғылыми ізденісті жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бұл – ғы­лымның эволюциясы. Зерт­теу­ші енді тек есептеуші емес, ЖИ-мен бірлесіп жұмыс істей­тін стратег рөлін атқарады.
Жаһандық экономикада жа­санды интеллект бәсекеге қа­білеттіліктің негізгі көрсет­кі­шіне айналды. Ақылды өндіріс, автоматтандырылған басқару жүйелері, энергия тиімді тех­но­логиялар – ЖИ-дің тікелей нәтижесі. ЖИ болашағы эконо­ми­каның цифрлануымен ты­ғыз байланысты: өндірісте ақыл­­ды басқару жүйелері; энер­ге­ти­када энергия тиім­ді­лігін арт­ты­ру және жасыл тех­нология­лар­ды оңтайландыру; ло­гис­тикада, қаржыда, ауыл шаруашылығында тәуекелді азайту және өнімділікті арт­ты­ру. Бұл ретте ЖИ адамды то­лық ал­мастырмайды, керісін­ше, инженер мен зерттеушінің ин­тел­лектуалдық мүмкіндігін ке­ңейтеді. Әсіресе физика, жылу және масса алмасу, көпко­м­по­нентті жүйелер са­ла­сында ЖИ болашақта зерт­теулердің са­па­сы мен жыл­дамдығын тү­бе­гейлі өзгертетін негізгі құрал­дар­дың бірі бо­лады. Яғни ғы­лым мен тех­ни­када бұрын қол­жетімсіз болған мәсе­ле­лер­ді шешуге мүмкіндік береді. Бірақ негізгі шешім, мақсат қою және жауап­кер­ші­лік әрқа­шан адамда қалады. 
Халықаралық қауымдастық ЖИ-ді адамзат игілігіне бағыт­тау үшін этикалық нормалар мен құқықтық реттеуді кү­шей­­­тіп келеді. Бұл – жа­һан­дық да­мудың саналы жолын таң­дау­дың көрінісі. Ол адам­ды ал­мас­тыру үшін емес, адам­­ның мүмкіндігін кеңейту үшін қажет. ылымда, эконо­ми­када, білім мен мәдениетте ЖИ адамзаттың интеллек­туал­дық серіктесіне айналуда.

Мәнсия ӘСЕМБАЕВА,
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к.