ЖИ дәуіріндегі маркетинг — ҚазҰУ

91ý

ЖИ дәуіріндегі маркетинг

1 маусым 2026
ЖИ дәуіріндегі маркетинг

Қазіргі жаһандану және цифрлық трансфор­ма­ция жағдайында маркетинг саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырап отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ЖИ дәуірінде тұтыну­шы­лар­дың мінез-құлқы, ақпаратты қабылдау тәсілдері және сатып алу шешімдері бұрынғыдан да күрделене түсті. Осыған байланысты жоғары оқу орындарын­дағы маркетинг білім беру бағдарламаларын (БББ) өзектендіру страте­гия­лық маңызы бар мін­детке айналып отыр.

Маркетинг білім беру бағ­дар­ламаларын жаңартудың ком­паниялар үшін маңызы және болашақ мүмкіндігіне шо­лу жасасақ, қазіргі таңда мар­ке­тинг кез келген компанияның табысты дамуының негізгі драйверіне айналды. Нарық­та­ғы бәсекенің күшеюі, тұтыну­шы­лар талаптарының өзгеруі және цифрлық технология­лар­дың дамуы маркетинг маман­да­рының рөлін бұрынғыдан да маңызды етуде. Сондықтан маркетинг білім беру бағдар­ла­маларын (БББ) өзектендіру тек білім саласының емес, бизнес дамуының да маңызды мәсе­лесі болып отыр.
Еліміздегі маркетинг на­ры­ғы­ның дамуы бұл бағыттың ма­ңызын нақты дәлелдейді. Де­рек­терге сәйкес, 2026 жылы елдегі цифрлық жарнама на­ры­ғының көлемі шамамен 1,2 млрд АҚШ долларына жетеді деген болжам бар және жыл са­йын 14-15 пайыз өсім көрс­е­туде. Сонымен қатар интернет қолданушылар саны халықтың 92 пайыздан астамын құрай­ды, ал әлеуметтік желілерді бел­сен­ді пайдаланушылар үлесі 75 пайыздан жоғары. Бұл көр­сеткіштер бизнес үшін мар­­­ке­тингтің, әсіресе ци­фр­лық мар­ке­тингтің қаншалықты ма­­­ңыз­ды екенін айқын көр­сетеді.
Маркетингтің компаниялар үшін маңызын нақты мысалдар арқылы да көруге болады. Қа­зақстанда e-commerce нарығы қарқынды дамып, 2024 жылы оның көлемі 3,4 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 42 пайызға өскен. Мұндай өсім ма­рке­тинг­тік стратегиялардың, әсіресе онлайн жарнама мен клиент­пен жұмыс істеу құралдарының тиімділігін көрсетеді. Ірі плат­фор­малар тұтынушыларды тар­ту үшін маркетингке, логис­ти­каға және клиент тәжіри­бе­сіне белсенді инвестиция салуда.
Маркетингтің тағы бір ма­ңызды бағыты – автоматтан­ды­ру және жасанды интеллект. 2026 жылы Қазақстанда 8500-ден астам компания мар­ке­тинг­­тік автоматтандыру жүйе­ле­рін қолданады, бұл олардың табысын орта есеппен 35 па­йыз­ға арттыруға мүмкіндік бе­реді. Демек, болашақ мар­ке­то­лог тек креативті емес, со­­­­­ны­­мен қатар техноло­гия­ларды меңгерген маман болуы тиіс. «Қазіргі маркетинг – бұл тек жарнама емес, ол де­рек­тер­ге негізделген бас­қару жүйе­сі. Университеттер мар­кетинг бағ­дарламаларын жаңарту ар­қылы студенттерді нақты на­рық талаптарына бейімдеуі қа­жет. Біз болашақ маркето­лог­тарды тек тео­рия­мен емес, нақты цифрлық құ­рал­дармен жұмыс істеуге үй­ре­туіміз ке­рек», – дейді биз­нес және мар­ке­тинг саласының оқытушы-сарапшылары.
Маркетинг білім беру бағ­дар­ламаларын жаңартудың негізгі бағыттары – цифрлық мар­кетингті тереңдету, прак­ти­калық оқытуды күшейту және бизнес пен серіктестікті да­мы­ту. Дуалды оқыту, нақты ком­па­ниялардың кейстері, стар­тап-жобалар студенттер­дің кәсіби құзыреттілігін арт­ты­руға мүм­кін­дік береді.
Цифрлық экономиканың қар­қынды дамуы маркетинг мамандарына деген сұраныс­тың тек өсетінін көрсетеді. Сон­дықтан маркетинг білім беру бағдарламаларын жаңар­ту – уақыт талабы ғана емес, эко­номикалық қажеттілік.
Бүгінгі таңда еңбек нары­ғын­да практикалық дағдылары жоғары, нақты құралдармен жұмыс істей алатын маман­дар­ға сұраныс артып отыр. Алай­да көптеген оқу бағдар­ла­мала­рын­да теориялық білімге ба­сым­дық беріліп, нақты кейс­тер мен тәжірибелік тапсыр­ма­лар жеткіліксіз қамтылған. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу процесін қиындатып, жұмыс берушілер тарапынан қосымша оқытуды қажет етеді.
Маркетинг БББ-ны жаңар­ту­дың басты бағыттарының бірі – цифрлық маркетингті те­рең­детіп енгізу. Атап айтқанда SMM, SEO, контент-маркетинг, таргеттелген жарнама, Big Data негізіндегі талдау, customer journey mapping сияқты ба­ғыт­тар оқу бағдарла­ма­сы­ның негізгі компонентіне ай­налуы тиіс. Сонымен қатар жа­санды интеллект құралдарын пайда­ла­ну, маркетингтік авто­мат­тандыру жүйелерімен жұ­мыс істеу дағдылары да сту­дент­терге үйретілуі қажет.
Практикалық бағытты кү­шей­­ту мақсатында дуалды оқы­ту жүйесін дамыту ерекше маңызға ие. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен бизнес құ­ры­лымдар арасындағы серік­тес­тікті нығайту қажет. Мы­са­лы, бөлшек сауда, e-commerce және логистика сала­ларын­да­ғы компаниялармен бірлескен жобалар студенттердің нақты жұмыс ортасында тәжірибе жи­нақтауына мүмкіндік бе­ре­ді. Осындай тәжірибелер сту­дент­­тер­дің кәсіби бейімделуін жылдамдатып, еңбек нарығына дайын маман ретінде шығуына ықпал етеді.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде мар­кетинг бағдарламаларын жаңарту бағытында бірқатар оң қадамдар байқалады. Кей­бір университеттер цифрлық мар­кетинг, бизнес-аналитика және бренд-менеджмент ба­ғыт­тарын енгізіп, оқу жоспар­ла­рын жаңартуда. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені енгізу, шетелдік профессор­лар­ды тар­ту және академиялық ұт­қырлық бағдарламаларын да­мыту да маңызды рөл ат­қа­рады.
Маркетинг білім беру бағ­дар­ламаларын жетілдіруде икем­ді дағдыларды дамыту да басты назарда болуы тиіс. Қа­зіргі жұмыс берушілер комму­ни­кация, креативтілік, сыни ойлау, командада жұмыс істеу, уақытты басқару сияқты дағ­ды­ларды жоғары бағалайды. Сондықтан оқу үдерісінде жо­балық жұмыстар, презента­ция­­лар, пікірталастар және ко­ман­далық тапсырмалар кеңі­нен қолданылуы қажет.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары маркетинг са­ласында деректерге негіз­дел­ген шешім қабылдау, жа­сан­ды интеллектіні қолдану, персо­на­лизацияланған марке­тинг және омниканалды ст­ра­т­е­­гиялар бас­ты трендтерге ай­на­лады. Бұл өз кезегінде білім беру маз­мұнына да тікелей әсер етеді.
Демек, маркетинг білім бе­ру бағдарламаларын жаңар­ту – тек оқу жоспарларын өз­герту емес, бұл білім беру фи­ло­софиясын қайта қа­рас­тыруды талап ететін кешенді процесс. Жоғары оқу орындары, бизнес және мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастық нәти­же­сінде ғана бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға жауап беретін маркетолог маман­дар­ды даярлауға болады. Бұл еліміздің экономикалық да­муы­на, кәсіпкерліктің өркен­деуі­не және жаһандық нарықта бә­се­кеге қабілеттіліктің артуы­на өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Зәуре АХМЕТОВА,
Бизнес-технологиялар кафедрасының  профессор м.а., э.ғ.к.
Айнұр АЛИКБАЕВА, 
аға оқытушы