ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қадірлі әріптестер, жас ғалымдар мен білім алушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өткен болатын.
Бұл мереке елге деген сүйіспеншілік пен ортақ құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн.
Рәміздерден халқымыздың өткені мен рухани мұрасы, еліміздің болашаққа бағытталған мақсаты айқын көрінеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді азаматтық парыз және елдік жауапкершілік деп түсінеді.
Елдігіміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Көк Туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Басқарма Төрағасы – Ректор
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
Басқа жаңалықтар