Болатова Толкынай Сериковна — ҚазҰУ

91ý

Болатова Толкынай Сериковна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Болатова Толкынай Сериковнаның «Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтаудың профилактикалық бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады. 

Диссертация «ВШОЗ» Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау» кафедрасында орындалған.

Қорғау форматы – диссертация.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Асқар Еңлік – PhD, акушерия және гинекология, клиникалық генетика курсы кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Мамандығы: 8D10103 – «Медицина»

2. Марат Айзада Маратқызы - PhD, №1 акушерия және гинекология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана медицина университеті (Астана қ., Қазақстан). 

Мамандығы: 6D110100- «Медицина»

ылыми кеңесшілер:

1. Попова Татьяна Владимировна- медицина ғылымдарының докторы, профессор,  қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры, «ВШОЗ» Қазақстан медицина университеті (Алматы, Қазақстан)

2.  Құрманова Алмагүл Медеубайқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан).

3. Митякубова Саломат Александровна - медицина ғылымдарының докторы, Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-практикалық орталығының Хорезм филиалының директоры, Ташкент медицина академиясының акушерлік және гинекология кафедрасының доценті (Ташкент, Өзбекстан).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Храмцова Александра Юрьевна - медицина ғылымдарының кандидаты, «Центр ЭКО Партус» клиникасының репродуктолог дәрігері (Екатеринбург қ., Ресей), «New life eco» ЭКО орталығы бөлімшесінің меңгерушісі (Худжанд қ., Тәжікстан).

2. Рыскелдиева Кенжегуль Жанысбаевна - PhD, дәрігер акушер-гинекологы, Түркістан облысының №3 Облыстық перинаталдық орталық (Түркістан қ., Қазақстан).

3. Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы - медицина ғылымдарының кандидаты, амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының профессоры. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан). 

Қорғау 2026 жылдың 02 шілде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған «8D10101 (6D110200) – Қоғамдық денсаулық сақтау», «8D10102 (6D110100) – Медицина», «8D10104 (6D110400) – Фармация», «8D10103- Мейіргерлік іс» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн/онлайн түрде өтеді. Офлайн қорғау келесі мекен-жайда өтеді: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 303 кабинеті, аль-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.

Zoom сілтемесі:  

Конференцияның идентификаторы: 845 1569 0696

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы