Теориядан практикаға: Жазғы геодезиялық дала тәжірибесі басталды
Теориядан практикаға: Жазғы геодезиялық дала тәжірибесі басталды!
«Кадастр» және «Жерге орналастыру» мамандықтарының студенттері үшін ең ыстық әрі жауапты кезең келді. Аудиторияда өткен сызбалар мен есептер енді дала төсінде нақты іске ұласуда.
Геодезия — тек өлшеу емес, бұл болашақ кеңістікті жоспарлаудың, жерді тиімді пайдаланудың негізі. Қазіргі таңда біздің студенттер:
Теодолит және нивелирлермен жұмыс істеуді;
Жер бедерінің топографиялық түсірілімдерін жасауды;
Болашақ кадастрлық карталардың негізін құрауды өз қолдарымен меңгеріп жатыр.
Нағыз маман иесі болу — қателікке жол бермейтін дәлдікті және топпен жұмыс істей білуді талап етеді.
Болашақ жерге орналастырушылар мен кадастр мамандарына сәттілік тілейміз! Өлшемдеріңіз дәл, нысаналарыңыз айқын болсын!