Баяндамашыларға шақыру: MSPA Asia Pacific 21-ші жыл сайынғы конференциясы
2026 жылғы 16–18 қараша аралығында Алматы қаласында MSPA Asia Pacific ассоциациясының 21-ші жыл сайынғы конференциясы өтеді. Конференция алғаш рет Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар баяндамашыларды іріктеуді жариялап, ғалымдар мен саланың мамандарын қатысуға шақырады.
MSPA (Mystery Shopping Professionals Association) – тұтынушы тәжірибесі (customer experience) және қызмет көрсету сапасын бағалау саласындағы халықаралық кәсіби ассоциация, 1998 жылы құрылған. Бұл – өз саласындағы жалғыз кәсіби салалық ассоциация: ол Азия-Тынық мұхиты өңірі, Америка, Еуропа және Африкадағы аймақтық бөлімшелер арқылы жұмыс істейді және дүние жүзі бойынша 400-ден астам компанияны біріктіреді. Оның Азия-Тынық мұхиты бөлімшесі жыл сайын саланың басшыларын, практиктерін және зерттеушілерін тәжірибе алмасу үшін конференцияға жинайды.
Биылғы конференцияның тақырыбы – «Insight to Foresight: Becoming Experience Intelligence Partners in a Hyper-Personalized World» («Инсайттан болжауға: гипердербестендіру дәуіріндегі тұтынушы тәжірибесін талдау бойынша серіктестік»). Конференция тұтынушы тәжірибесімен ғана шектелмейді: бағдарлама тұтынушы мінез-құлқы, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, қызмет көрсету сапасы, маркетинг, психология және мінез-құлық ғылымдары сияқты сабақтас салаларды да қамтиды. Осыған байланысты тұтынушы мінез-құлқы мен тәжірибесін зерттейтін түрлі саладағы ғалымдар қатысуға шақырылады.
Өтінім беру тәртібі. Баяндама ұсыныстары мен сұрақтарды Anu Mehta-ға mspa-ap@mysteryshop.org поштасына жіберуге болады.
Толығырақ:
Басқа жаңалықтар