Білім мен ғылымдағы ынтымақтастық талқыланды — ҚазҰУ

91ý

Білім мен ғылымдағы ынтымақтастық талқыланды

4 маусым 2026
Білім мен ғылымдағы ынтымақтастық талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сеул ұлттық университетінің жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Бу Ёль Ким бастаған делегация келді. 

Құрметті қонақтарды ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Самғат Ермекбаев кездесу өткізді. 

Тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту, білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, студенттер мен оқытушылар алмасуын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде делегация өкілдері ҚазҰУ-дың ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, екі университет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақта жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. 

Жүздесу соңында тараптар халықаралық білім беру кеңістігіндегі серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі