Академиялық ынтымақтастық: ғылым мен білімде тәжірибе алмасу
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы артып кележатқан заманда, өзара тәжірибе алмасу білімсапасын арттырып, білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады. Осындай мақсатпен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, Түркітану және тіл теория кафедрасының профессор-оқытушылары мен Қарақалпақстан Республикасы Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Өзбек филологиясы факультетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасынан PhD, доцент Адилова Гүлшат Ағытаевна, PhD Серікбаева Акмарал Сахратдиновна, Өзбек тілі және әдебиетікафедрасынан доцент Янгибаева Назира Гулмановна, Асаматдинова Зулфия Сапарниязовна, Түркмен тілі және әдебиеті кафедрасынанАвезклычева Саят Сапарклычевна, Қарақалпақ филологиясы ҳәм журналистика факультеті, Қарақалпақ тiл білімі кафедрасынан доцент Алламбергенова Гулжахан Айтбаевна, Практикалық филология кафедрасынан доцент Усенова Қызларгүл Убайдуллаевна, Атабаева Гөззал Базарбаевна 2026 жылы 01.04-01.05 аралығында академиялық тәжірибе алмасты.

Олар ф.ғ.д., профессор Р.А. Авакова, ф.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиева, ф.ғ.д., доцент Ж.Қ. Ибраева, ф.ғ.к., ассоц.проф. С.Б. Бектемирова, PhD доктор Ш.Т. Кудьярова, оқытушы Қ. Аширқуловт.б. профессор-оқытушылардың сабақтарына қатысып, оқыту әдістемелері мен академиялық бағыттар туралы өзара пікір бөлісті. Түркітану және лингвистика мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары Өзбекстандық ғалымдармен еркін пікір алмасып, түркітану және лингвистика ғылымының өзекті мәселелерінталқылау мүмкіндігіне ие болды.

Өзбек филологиясы факультетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, PhD Адилова Гүлшат Ағытаевна «6В02209-Түркітану» БББ 3 курс студенттеріне «Түркі тілдерінің тарихы» пәнінен 28 сәуір күні «Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары. Графикалық лингвистика, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны» тақырыбында ашық сабақ өтті. Студенттерге өзінің тәжірибесі негізінде, графика тарихы, жазу түрлері туралы кең түсінік берді.

Біліктілікті арттыру курсына келген тыңдаушылар университетіміздің профессор-оқытушыларының сабақтарын жоғары деңгейде бағалап, олардың кәсіби шеберліктерін, студенттердің белсенділігі мен білім деңгейін ерекше атап өтті. Өз пікірлерінде білім беру жүйесі мен түркітану, лингвистика саласындағы жетістіктерді жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді. Бұл тәжірибе алмасу Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың нығаюына, профессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттардың өз білімдерін толықтырып, халықаралық тәжірибе жинақтай алуына ықпал ететін маңызды қадам болды.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы PhD, Кудьярова Шолпан Таубаевна.
Басқа жаңалықтар