ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚАДАМ
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы (ҰҒЗҒО) базасында (ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты, сейсмология, геофизика және сейсмикалық қауіптерді болжау саласындағы жетекші ғылыми ұйым) Гренобль-Альпі университетінің профессоры Кристиан Сьюмен қатысуымен маңызды ғылыми кездесу өтті.
Аталған кездесуді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы ұйымдастырды.
Кездесу барысында тараптар іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, геофизика, сейсмология және кеңістіктік деректерді талдау бағыттарындағы ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударылды.
Бұл кездесу – ғылым мен білімнің жаһандық интеграциясын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Басқа жаңалықтар