Факультет өкілдері Цукуба университетімен (Жапония) бірлескен жазғы мектеп мәселесі бойынша онлайн-кездесуге қатысты — ҚазҰУ

91ý

Факультет өкілдері Цукуба университетімен (Жапония) бірлескен жазғы мектеп мәселесі бойынша онлайн-кездесуге қатысты

15 мамыр 2026
Факультет өкілдері Цукуба университетімен (Жапония) бірлескен жазғы мектеп мәселесі бойынша онлайн-кездесуге қатысты

2026 жылдың 15 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің өкілдері Жапонияның Цукуба университеті ұйымдастырған Social Impact бағдарламасы аясындағы онлайн-кездесуге қатысты.

Қазақстан тарапынан география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сагындыковна, рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Байбуриев Руслан Муратович, картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі Асылбекова Айжан Асылбековна, сондай-ақ рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Нұрұлы Елдар қатысты. Жапония тарапынан Цукуба университетінің Жаһандық бастамалар бюросы / Social Impact ілгерілету кеңсесінің&Բ;Project Associate Professor Лю Сорайя мен координатор д-р Арвин Валдеррама қатысты.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылдың 20–28 тамызы аралығында Алматыдағы ҚазҰУ базасында туризмді тұрақты дамыту тақырыбындағы бірлескен жазғы мектеп өткізу мүмкіндігін талқылады. Бағдарлама жапон студенттеріне бейімделген форматта жоспарланып, дәрістерді, далалық зерттеулерді және практикалық сабақтарды қамтиды. Жапониядан 20–30-ға жуық студенттің қатысуы күтілуде.

Кездесу бірлескен іс-шараны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Қазіргі уақытта тараптар бағдарлама мен ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жұмысын жалғастыруда.

Аталған іс-шараны жүзеге асыру БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 4 (сапалы білім), ТДМ 11 (тұрақты қалалар мен қоғамдастықтар), ТДМ 15 (құрлықтағы өмір) және ТДМ 17 (мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестік) сәйкес келеді.