Мектеп түлектерімен Zoom форматында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті — ҚазҰУ

91ý

Мектеп түлектерімен Zoom форматында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

8 маусым 2026
Мектеп түлектерімен Zoom форматында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

2026 жылғы 3 маусымда оқу практикасы аясында Экономика кафедрасының меңгерушісі мен практика жетекшілері мектеп түлектерімен Zoom платформасында онлайн кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында болашақ талапкерлер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика кафедрасының білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және болашақ кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат алды.

Кездесуде «Экономика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Ақбота Абдужаппарова сөз сөйлеп, өзінің оқу тәжірибесімен бөлісті. Ол оқу үдерісі, студенттік өмір, университеттегі қоғамдық іс-шаралар және білім алушылардың тұлғалық әрі кәсіби дамуына жасалған мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын шекті баллдар, оқу ақысы, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және ҚазҰУ-дың шетелдік серіктес жоғары оқу орындары туралы сұрақтар тудырды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шара сындарлы әрі достық атмосферада өтті, мектеп түлектерінің жоғары қызығушылығын тудырып, олардың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: Г. Даулиева, Д. Тураров, Ә. Сәрсенова және Ә. Сағынбай.