Филология факультетінде академиялық зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми семинар өтті. — ҚазҰУ

91ý

Филология факультетінде академиялық зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.

16 маусым 2026
Филология факультетінде академиялық зерттеулерде жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.

2026 жылғы 16 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде «AI Tools for Effective Literature Reviews and Impactful Academic Writing» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.

Іс-шараны Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұйымдастырды. Семинар спикері ретінде Пенджаб университетінің қауымдастырылған профессоры, Virscend University (АҚШ) аға ғылыми қызметкері және Journal of Hospitality and Tourism Technology (Scopus Q1) халықаралық ғылыми журналының шақырылған редакторы доктор Раб Наваз Лодхи сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарында жасанды интеллект құралдарын қолданудың заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Әсіресе ғылыми әдебиеттерді іздеу мен талдау, әдебиеттерге шолу дайындау, академиялық мәтіндердің сапасын арттыру және зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар және білім алушылар қатысты. Семинар халықаралық тәжірибе алмасуға және ғылым мен білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

 

Аймагамбетова М.М.