- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да су ресурстарын спутниктік бақылау жөніндегі Француз-Қазақстандық жазғы мектеп өтті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да су ресурстарын спутниктік бақылау жөніндегі Француз-Қазақстандық жазғы мектеп өтті
2026 жылғы 8-10 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми зерттеулерде, білім беруде және практикалық қызметте Copernicus бағдарламасының мәліметтері мен сервистерін пайдалануды кеңейтуге бағытталған Framework Partnership Agreement on Copernicus User Uptake (FPCUP) еуропалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Француз-Қазақстандық қашықтан зондтау жөніндегі жазғы мектеп өтті..jpeg)
Іс-шараны Францияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта жөніндегі ұлттық зерттеу институты (INRAE), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және қашықтан зондтау мен қоршаған ортаны мониторингтеу саласында жұмыс істейтін халықаралық серіктес ұйымдар бірлесіп ұйымдастырды. Жазғы мектеп жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер және Қазақстанның бейінді ұйымдарының мамандары қатысты. Жазғы мектептің негізгі мақсаты спутниктік мәліметтерді пайдалану, Жерді қашықтан зондтау кескіндерін өңдеудің заманауи әдістері және Copernicus бағдарламасының өнімдерін табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны мониторингтеу міндеттерін шешуде қолдану бойынша қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту болды. Оқу барысында қатысушылар Sentinel спутниктік миссияларының мүмкіндіктерімен, мәліметтерді алдын ала өңдеу, жіктеу және сегменттеу әдістерімен, SWOT, Python және QGIS бағдарламалық өнімдерімен танысты. .jpeg)
Жазғы мектептің маңызды бөлігі «Surface Water Monitoring Using Satellite Altimetry and Interferometry» атты мамандандырылған курсы болды. Курс жерүсті су ресурстарын спутниктік альтиметрия және интерферометрия негізінде мониторингтеудің заманауи тәсілдеріне арналды. Курсты ғарыштық гидрология саласындағы әлемге танымал ғалым, LEGOS зертханасы директорының орынбасары (Франция), SWOT халықаралық спутниктік миссиясының бұрынғы ғылыми жетекшісі (2012-2024), Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) және NASA/CNES бірлескен жобаларының жетекшісі доктор Жан-Франсуа Крето (Jean-François Crétaux) жүргізді. Ғалым 25 жылдан астам уақыт бойы Еуропа, Азия, Африка және Оңтүстік Америка елдерінде су ресурстарын мониторингтеу бойынша халықаралық жобаларға қатысып келеді. Сондай-ақ оның жетекшілігімен әлемдік ғылыми қауымдастыққа көлдер мен өзендерді спутниктік бақылау деректеріне ашық қолжетімділік беретін Hydroweb халықаралық ақпараттық жүйесі құрылған.

Үш күндік бағдарлама аясында қатысушылар көлдер мен өзендердегі су деңгейін анықтауда спутниктік альтиметрия мен интерферометрияны қолдану қағидаларын меңгерді, Hydroweb.next платформасымен жұмыс істеуді үйренді, Altis бағдарламалық кешенінің мүмкіндіктерімен танысты және SWOT халықаралық спутниктік миссиясының деректерін пайдаланудың практикалық дағдыларын игерді. Сонымен қатар спутниктік бақылаулар негізінде гидрологиялық параметрлерді алу және оларды су ресурстарын мониторингтеу мен климаттық өзгерістерді бағалау үшін пайдалану мәселелері қарастырылды..jpeg)
Француз-Қазақстандық жазғы мектептің өткізілуі Қазақстан мен Еуропаның жетекші ғылыми орталықтары арасындағы халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосты және Жерді қашықтан зондтау, гидрология және геоақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар даярлауға қосымша мүмкіндіктер ашты.
Білім беру бағдарламасының қорытындысы бойынша қатысушыларға оқу курсын сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Алынған білім мен практикалық дағдылар ғылыми зерттеулердің одан әрі дамуына, қоршаған ортаны мониторингтеудің инновациялық технологияларын енгізуге және Жер туралы ғылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді..jpeg)