- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанты Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтуде
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанты Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтуде
География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанты Бижанова Г.З. қазіргі уақытта Қытай ылым академиясының Қалалық орта институтында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Аталған институт су ресурстарын басқару және суды тазарту технологиялары саласындағы Қытайдың жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. Тағылымдама барысында докторант су тазарту бағытындағы заманауи ғылыми зерттеулермен танысып, озық технологияларды меңгеруге және кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, тағылымдама халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және су ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін зерделеуге бағытталған.