Ұлттық тағамдар күні — ҚазҰУ

91ý

Ұлттық тағамдар күні

23 наурыз 2026
Ұлттық тағамдар күні

Наурызнама онкүндігі аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ұлттық тағамдар күні» аталып өтті. Іс-шара шетелдік студенттерді қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық ас мәзірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Механика-математика факультетінің «Есептеу ғылымдары және статистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері — қандастарымыз Әділет Айгерім, Дәниял Мәрмәр, Ержан Надира, Еркінбек Еркежан, Ерлан Елина және Нұрбай Ұлпа қытай ұлттық тағамдарын әзірлеп, мерекеге келген қонақтарға ұсынды. Қатысушылар түрлі елдердің ұлттық тағамдарынан дәм татып, ерекше әсер алды.

Шараға ЕҒжС кафедрасының аға оқытушысы Болат Әбенов қатысып, ұлттық тағамдардың қазақ халқының мәдениеті мен қонақжайлылығының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлттық тағамдары, олардың тарихы мен маңызы туралы да мол ақпарат алды. Қазақ дастарханындағы ет, сүт және дәнді-дақылдан жасалатын тағамдардың ерекшеліктері таныстырылып, ұлттық тағамдардың халқымыздың мәдениеті мен қонақжайлылығының ажырамас бөлігі екені айтылды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 1.33, 3, 4 пункттерін қамтыған мерекелік танымдық шараға қатысқан шетелдік студенттер одан пайдалы ақпарат алғандары үшін ризашылықтарын білдірді. Іс-шараның өз студенттерге де берері мол.

ЕҒжС кафедрасы