ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРИЯСЫ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ: БОЛАШАҚ ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРЛЕРІНІҢ ДИПЛОМ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ — ҚазҰУ

91ý

ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРИЯСЫ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ: БОЛАШАҚ ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРЛЕРІНІҢ ДИПЛОМ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13 маусым 2026
ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРИЯСЫ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ: БОЛАШАҚ ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРЛЕРІНІҢ ДИПЛОМ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «6B11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейінде білім алушылардың дипломдық жобалары мен диссертациялық жұмыстарын қорғау рәсімі аяқталды. Жыл сайын жұмыстардың негізгі бағыты– өндірістегі өмір тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, техногендік тәуекелдерді басқару сияқты мәселелерге арналады.


Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының директоры, PhD докторы Е.Т. Утешов төрағалық етті. Комиссия мүшелері ұсынылған еңбектердегі инженерлік-техникалық шешімдердің тиімділігіне және апаттардың алдын алу алгоритмдеріне басты назар аударды.

Еліміздің экономикалық әлеуеті тау-кен, металлургия, мұнай-газ және күрделі құрылыс кешендерімен тығыз байланысты. Ал бұл салалардағы басты талап – жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазақстанда Цифрлық даму министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) пен өнеркәсіпті цифрландыруды жеделдетіп, «Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыруда. Елімізде 2026 жыл-

деп жарияланып, еңбек өнімділігін арттыруға баса назар аударылуда. Құзыреттілікті арттыру мақсатында ведомство  болып қайта құрылды Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев та өндіріске ЖИ мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізудің стратегиялық маңызын үнемі баса айтып келеді. Осы жалпыұлттық вектормен толықтай үндес келетін түлектердің зерттеулері өндірістік қауіпсіздіктің дәстүрлі тәсілдерімен шектеліп қалмаған. Жас мамандар бұған дейін де жүйелі түрде жүргізіп келген ғылыми ізденістерін заманауи цифрлық құралдармен ұштастырып, ЖИ элементтерін қауіпсіздік инженериясына сәтті біріктіре білген.

Қорғау барысында өндіріс талаптары мен экологияның үйлесіміне, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар салалардағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, болашақ мамандар құрылыс алаңдарындағы еңбек қауіпсіздігін арттыру мен биоалуантүрлілікті қорғау жолдарын, Алматы метрополитені сияқты күрделі жерасты құрылыстарындағы қауіпсіздік техникасын зерделеді. Сонымен қатар ғылыми жұмыстар аясында құтқару қызметтерінің іс-әрекеттерін оңтайландыру, уран өндіру өнеркәсібіндегі қауіпсіздік шаралары, теміржол көлігіндегі тәуекелдерді азайту, мұнай-газ секторындағы ерекше қауіпті факторларды бақылау («рұқсат-наряды» жүйесі арқылы), сондай-ақ өрт сөндіру мен төтенше жағдайлардың алдын алу тактикалары сияқты ауқымды мәселелер жан-жақты талданды.

Студенттердің ғылыми жұмыстарында жасанды интеллект элементтері мен цифрландыру процестері нақты тәжірибелік мақсатта қолданылған. Жас мамандар техногендік апаттарды алдын ала болжау үшін смарт-алгоритмдерді пайдалану, «ақылды» сенсорлар арқылы қауіпті аймақтардағы ауа құрамы мен жұмысшылардың жағдайын қашықтан бақылау сияқты тың шешімдер ұсынды. Әсіресе, жабық кеңістікте жұмыс істеудің ерекшеліктері, желдету жүйелерінің үзіліссіз жұмысын автоматтандыру және жерасты құрылысы кезіндегі нормалардың сақталуы терең қарастырылды. Бұл зерттеулер апаттық жағдайлардың алдын алу жүйелерін жасауға және мегаполис жағдайында оқшауланған ортадағы жұмысшыларды қорғаудың заманауи цифрлық-инженерлік әдістерін өндіріске енгізуге бағытталған.

 

Комиссия төрағасы Е.Т. Утешов қорғау қорытындысы бойынша сөз сөйлеп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарға қойылатын талаптың технологиялардың дамуына сай артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи өндіріс процестері қауіпсіздік техникасын жетік меңгерген, кез келген технологиялық ауытқуды жасанды интеллект жүйелерінің көмегімен алдын ала бағамдай алатын білікті инженерлерді қажет етеді. Осы орайда, ол қорғау барысында өзін жақсы қырынан көрсете білген бірқатар түлекті Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтына жұмысқа қабылдауға ниетті екенін білдірді. Ол институттың жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына, ғылыми зерттеулер жүргізуіне және одан әрі мансаптық өсуіне кең мүмкіндіктер жасайтынын атап өтті.

Бұл қадам – жаңа буын инженерлерінің біліктілігіне берілген нақты баға әрі олардың ғылым мен өндіріс ұштасқан үлкен кәсіби ортаға жасаған алғашқы сенімді жолдамасы. Жалпы алғанда, қорғау жұмыстары аталған мамандық түлектерінің өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы күрделі мәселелерді шешуге талпынысы жоғары мамандар болып дайындалып жатқанын толықтай дәлелі. 

 

 

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының

доценті, техника ғылымдарының кандидаты

Қожахан А.К.