Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  және М.Ұлықбек атындағы өзбек  ұлттық  университеттер  арасындағы географиялық  ғылыми- педагогикалық  байланыстар — ҚазҰУ

91ý

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  және М.Ұлықбек атындағы өзбек  ұлттық  университеттер  арасындағы географиялық  ғылыми- педагогикалық  байланыстар

1 маусым 2026
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  және М.Ұлықбек атындағы өзбек  ұлттық  университеттер  арасындағы географиялық  ғылыми- педагогикалық  байланыстар

 

2026жылы сәуір айында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің ректоры техника ғылымдарының докторы, профессор Ином Уришевич Маджидов  қол қойған шақырту алдым. Хатта осы университеттің  география факультетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасында дәріс оқуым туралы  екен.  Қазақ халқында  «шақырған жерден  қалма, шақырмаған  жерге барма»-  деген ата сөзі бар емеспе. Сонымен осы оқу орнының бакалавр мен магистр топтарына және  Түркі тілдес елдерден  келген ғалымдар мен студенттерге  дәріс оқып қайттым. 

 

 

 

Университет тарихынан. Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Өзбекстандағы ең көне әрі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1918 жылы құрылған және Орталық Азиядағы ғылым мен білімнің маңызды орталығы саналады. 

Университеттің тарихы бірнеше кезеңнен тұрады:

  • 1918 жыл — Кеңес өкіметінің бастамасымен Түркістан халық университеті ретінде ашылған. Алғашқы кезде шамамен 1200 студент білім алған. Сол уақытта  бұл университетте  Қазақстанның көптеген азаматтары  білім алып, жұмыс істеген.

  • 1920 жыл — оқу орны Түркістан мемлекеттік университеті деп аталды. 

  • 1923 жыл — атауы Орта Азия мемлекеттік университеті болып өзгертілді. Бұл кезеңде университет бүкіл Орталық Азия үшін кадр даярлайтын негізгі орталыққа айналды. 

  • Кейін университет Ташкент мемлекеттік университеті аталды. Кеңес дәуірінде бұл оқу орны Орта Азиядағы ең беделді университеттердің бірі болды. 

  • Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін университетке ұлы астроном және ғалым Мирзо Ұлықбек есімі беріліп, қазіргі атауына ие болды. 

Университеттің Орталық Азиядағы жоғары білімнің дамуына ықпалы зор болды. Оның негізінде бірнеше жоғары оқу орындары құрылды, соның ішінде:

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

  • Тәжікстандағы педагогикалық және ауыл шаруашылығы институттары. 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген кеңестік ғалымдар Ташкентке көшіріліп, университеттің ғылыми әлеуеті күшейді. 

Қазіргі таңда университетте ондаған факультет пен ғылыми бөлімдер жұмыс істейді. Онда география,&Բ;математика, физика, химия, биология, экономика, журналистика және ақпараттық технологиялар сияқты салалар бойынша білім беріледі. 

  • Университет халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытып келеді. Соңғы жылдары Қазақстан университеттерімен академиялық алмасу, ғылыми жобалар және бірлескен дәрістер өткізіліп жүр. 2025 жылы Алматыда өткен   әл-Фараби атындағы&Բ;Қазақ ұлттық университеті  базасында өткен Түркі әлемі географтарының  ІІ конгресіне география ғылымдарының  докторы, профессор З.Н.Тажиева бастаған  бір топ ғалымдар  қатысқан еді,  ал биыл 2026 ж. Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында өткен Халықаралық  ІІІ

  • Конгресіне г.ғ.д., профессор Нейла ханым  өзінің докторанттарымен келіп қатысты. 

  • Осы университетте  жұмыс істейтін  көптеген  ғалымдармен танысып, Түркі тілдес елдердің  географ-ғалымдарының бірлесіп зерттейтін мәселелері көп екені  анықталды. Бір ғасырдан артық  білім саласында  жұмыс істеп тұрған  бұл  университет тарихында  тек  географтар үшін емес білім іздеген азаматтар үшін  қызықты  жәдігерлер көп екен. Соның  бірі «Ташкент глобусы». Миракмалов Мирали Туранбаевич

Глобус тарихынан. Жалпы глобустардың мазмұны мен өлшемі әртүрлі болады. Біз білетін ең үлкен глобус қазіргі уақытта АҚШ-тың Мэн штатындағы Ярмут қаласында орнатылған. Тағы бір үлкен глобус Санкт-Петербургте сақталған. Оның диаметрі 3,10 метр. Ол 2007 жылы жөнделіп, мұражайға қайтарылды.

Тағы бір глобус Самарқанд қаласындағы&Բ;«Мәдениет және өнер тарихы» мұражайында сақталған. Оны ХХ ғасырдың 80-жылдарында Ходженттен келген ағартушы Қожа Юсуф Мирфаёзов жасаған. Глобустың биіктігі, негізін қоса алғанда, 1,17 метр, шеңбері 1,60 метр, ал масштабы 1: 25 000 000, яғни 1 сантиметріне 250 километр. Тек ұлы ғалым Әбу Райхан Беруни мың жыл бұрын жасаған глобустың сипаттамасы ғана сақталған.

     Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің география факультетіндегі үлкен глобус барлық қолданыстағы глобустардан мүлдем өзгеше. Ол қазіргі білім беру глобустарынан бірнеше есе үлкен. Масштабы 1:7 000 000, яғни бір сантиметр 70 километр. Профессор Х.Х. Гасанов атындағы оқу-әдістемелік кабинетінде орнатылған Жер ғаламшары                 7 миллион есе кіші бейнеленген. Глобустың табанын қоса алғанда биіктігі 2,5 метр. Сфераның салмағы 240 килограмм, табаны 250 килограмм. Диаметрі 2 метрден сәл аз, шеңбері 6 метр, ал беті шамамен 13 шаршы метр. Жер бетінің пішіндері - таулар, жоталар, жазықтар, ойпаттар және мұхит түбінің рельефі - глобуста рельефпен бейнеленген. Таулар таулар түрінде, жазықтар жазықтар түрінде, ал мұхиттық шөгінділер ойпаттар түрінде, яғни табиғатта көрінгендей бейнеленген. Жер бетінің біркелкі еместігін көрсету үшін 1:200 000 масштабы қабылданған. Бұл 1 сантиметр 2 километрге тең дегенді білдіреді. Бұл шкаланы пайдаланып, Жердегі таулардың биіктігін және мұхиттардың тереңдігін анықтауға болады. Мысалы, глобуста Эверест тауының биіктігі 4,4 сантиметр, сондықтан шыңның биіктігі 8848 метр, ал Дүниежүзілік мұхиттың ең терең нүктесі Мариан шұңғымасы  5,5 сантиметр, сондықтан ол 11 километр. Осылайша, бұл глобус арқылы  сіз Жердегі биік жерлермен  мұхиттардағы тереңдікті өлшей аласыз.

Ташкент глобусының басқа глобустардан тағы бір маңызды артықшылығы - оның Жер ландшафттарын бейнелеуі. Ландшафттар түрлі-түсті бейнеленген. Жер бетіндегі ормандар, шөлдер, далалар, тундра және мұзды шөлдер алыстан өзіндік көрініске ие. Тек тундра аймағы 6 түсте, ал шөлдер 7 түсте бейнеленген. Ландшафттарды бейнелеу үшін түс таңдағанда, Жер ғарышта алыстан көрінгендей түсте бейнеленген. Глобусты жасау үшін шамамен 200 ғарыштық  түсірілген суреттерді де пайдаланған.

Глобуста 1600 жанартау, маржан аралдары, тұщы және тұзды көлдер, мұздықтар бөлек белгілермен бейнеленген.

Ташкент глобусының көмегімен  - Жер ғаламшары туралы толығырақ бейнесін елестете аласыз. Глобустың көмегімен Жердегі жыл мезгілдерінің ауысуын, күн мен түннің ұзақтығы мен қысқалығын, полярлық күн мен полярлық түнді көрсетуге, Жер бетіндегі әртүрлі нүктелер арасындағы қашықтықты дәл өлшеуге, таулардың биіктігін және мұхиттар мен теңіздердің тереңдігін анықтауға болады. Ташкент глобусы 1979-1984 жылдары Өзбекстан Ұлттық университетінің (бұрынғы Ташкент мемлекеттік университеті) тапсырысы бойынша Пермь қаласындағы университеттің демонстрациялық қару зертханасында жасалған. Географ-инженер И.Е. Ошев (зертхана меңгерушісі) жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері глобусты әзірлеуде пайдаланылды. Глобусты әзірлеуді ретке келтіру бастамасын профессор Х.Х. Гасанов көтерді, ол бұл жұмысқа өзінің ғылыми кеңестерімен қатысты. Осы себепті Ташкент глобусы Х.Х. Гасанов глобусы деп те аталады.

Хамидулла Хасанұлы  Хасанов география ғылымдарының докторы, профессор, «Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» 1919 жылы 19 қаңтарда Ташкентте дүниеге келген. 1936 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің (қазіргі М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті) география факультетіне түсіп, 1941 жылы бітірген. 1941-1945 жылдары әскери аэродромда бас ауа райын болжаушы болып жұмыс істеді. Содан кейін халық ағарту саласында және газетте ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1953 жылы ғылым кандидаты, 1966 жылы ғылым докторы, 1967 жылдан бастап профессор, содан кейін кафедра меңгерушісі болды. Ғалым Жер шарының жартысын аралап шықты, оны өзбек магелланы деп те атаған. Хамидулла Хасанұлы  география ғылымдарының  7 саласында жұмыс істеген ғалым. Олар; физикалық (табиғи) география, география тарихы, географиялық білім беру әдіснамасы, топонимика, географиялық терминология, географиялық білімді танымал ету, ғылыми географиялық әдебиетті өзбек тіліне аудару салаларымен  айналысқан. Ол 10-нан астам монография, көптеген түсіндірмелер және 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялады. 1985 жылы 22 мамырда факультетте жұмыс істеп жүргенде жүрек талмасынан өмірден  озған. 

  • Жалпы Ташкентке барған сапарым  өте маңызды  оқиғаларға толы  болды. Қаншама әріптестеріммен кездестім. Атақты Төлеби Әлібекұлы  бабамыздың  кесенесіне барып  құран  бағыштау мүмкіндігі  болды. Қазақ елінің мемлекет ретінде қалыптасуына  зор еңбек еткен  ұлы тұлға. Тәуке ханның тұсында Қаздауысты Қазбек, Әйтеке және Сасық билермен ақылдасып «Жеті Жаарғы»  заң топтамасын жасаған қоғам қайраткері.Тәуке, Абылай хандарға бас кеңесші болып ел басқару жұысына араласқан.    Жалпы тарихи деректер бойынша, Төле би бабамыз Ташкентті XVIII ғасырдың орта шенінде басқарған. Нақты жылдары жөнінде деректер әртүрлі.    Орыс тарихшысы        А. Левшин еңбектерінде Жолбарыс хан қайтыс болғаннан кейін, Төле би Ташкентті 6 жыл басқарғаны  туралы жазған. Кейбір зерттеулерде ол Ташкентті 1743–1749 жылдары басқарды деп көрсетіледі. Басқа тарихи деректерде оның Ташкентте 12 жыл билік жүргізгені  туралы жазылған. 

Төле би бабамыз Ташкентті жоңғар шапқыншылығынан қорғауға қатысып, кейін қалада билік жүргізген. Ол Ташкентте жерленген,  оның кесенесі Өзбекстан астанасындағы Шайхантаур кешенінде орналасқан.

Шайхантаур — XIV–XV ғасырларда өмір сүрген сопы, әулие адам. Оның шын есімі — Шейх Ховенди ат-Тахур (немесе Шайх Омар Уәли). Ол ислам дінін, сопылық ілімді насихаттаған беделді рухани тұлға болған. Ташкенттегі көне Шайхантаур мазары мен тарихи ауданы оның атымен аталған.

Аңыз бен тарихи деректер бойынша, Шайхантаур Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы саналған қожалар әулетінен шыққан. Оның кесенесі ғасырлар бойы Ташкент халқы қасиетті орын деп құрметтеген.

Төле би Ташкентті басқарған кезде осы өңірдегі ең қасиетті орындардың бірі болған Шайхантаур қорымына жерленуді өсиет еткен деген дерек бар. Сондықтан Төле би қайтыс болғаннан кейін оның мазары Шайхантаур кесенесінің маңына қойылған. Бұл — әулие адамдардың қасына жерленуді құрмет санаған сол заманның дәстүрімен де байланысты.

Қазіргі таңда Төле бидің кесенесі Ташкенттегі Шайхантаур кешені аумағында орналасқан және есімін құрметтейтіндердің   зиярат ететін тарихи орындардың бірі болып саналады. Мен барған күніде  адамдар  лек-легімен келіп  жатты.

 

 

 

 

 

 

    

IMG_0478

 

 

  1. География  ғылымдарының докторы, профессор  Миракмалов Мирали Туранбаевич (Өзбекстан)

  2. Педагогика ғылымдарыны  докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы (Қазақстан)

  3. География ғылымдарының докторы, профессор Тажиева Зулхумар Назаровна (Өзбекстан)

     

 

 

 

Ташкент қаласындағы Төлеби Бабамыздың кесенесінде.

 

 

 

 

Дәріс оқыған студенттермен

 

 

 

 

 

Өзбекстандық ғалымдармен пікірлесу