Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары, индикативтік көрсеткіштердің орындалуы және оқытушылардың ғылыми белсенділігі талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Галеева баяндама жасады. Биылғы жазғы сессияға 28 мыңнан астам білім алушы қатысып, 8,4 мыңнан астам емтихан тапсырған. Нәтижелерді талдау барысында студенттердің академиялық үлгерімі, қарыздар, апелляциялық өтініштер мен қорытынды бақылау кезіндегі тәртіп мәселелері сараланды. Сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдану жағдайында бағалаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша бағалау жүйесін жетілдіру және академиялық қарызы бар студенттерге қолдауды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар мақұлданды.

Бұдан бөлек, 2025-2026 оқу жылындағы индикативтік көрсеткіштердің орындалу нәтижелері сарапталды. Стратегиялық даму орталығы директорының міндетін атқарушы Жандос Байжұма профессор-оқытушылар құрамы, кафедралар мен факультеттердің рейтингтік бағалау қорытындыларын таныстырды. Университеттің жоғары рейтингтік көрсеткіштері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, жарияланым белсенділігімен және халықаралық ынтымақтастықпен тікелей байланысты. Алдағы 2026-2027 оқу жылында оқу орнының академиялық беделін нығайту үшін бірыңғай KPI платформасын енгізу және халықаралық сарапшылар қауымдастығымен байланысты тереңдету жоспарланып отыр.

Университет ғалымдарының әлеуеті де назардан тыс қалмады. ылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбектің мәліметінше, 2023-2025 жылдары университеттің 226 қызметкеріне ғылыми атақ берілген (2023 жылы – 29, 2024 жылы – 54, 2025 жылы – 143 қызметкер). Олар ғылыми атақ алғаннан кейін 4967 ғылыми еңбек жариялаған. Оның ішінде 1851 мақала Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларына енетін беделді журналдарда жарық көрсе, 3116 жарияланым отандық және өзге басылымдарда басылған.

Алқалы отырысты қорытындылаған Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев білім беру сапасын арттыру мен университеттің академиялық беделін нығайту ұжымның бірлескен жауапкершілігі екенін атап өтті. Ректор факультет декандарына бұл көрсеткіштердің орындалуын бақылауда ұстауды, жарияланым белсенділігін арттыруды және білім беру үдерісінің сапасын күшейтуді тапсырды.
ылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар