ылыми кеңес мүшелері бес факультеттің жаңартылған корпустарын аралады — ҚазҰУ

91ý

ылыми кеңес мүшелері бес факультеттің жаңартылған корпустарын аралады

16 маусым 2026
ылыми кеңес мүшелері бес факультеттің жаңартылған корпустарын аралады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ылыми кеңес мүшелеріне арнайы экскурсия өткізді. Университет басшысы жиын қатысушыларын студенттер мен оқытушылар үшін жасалған жаңа мүмкіндіктермен және корпустарды жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен жете танысуға шақырды. 

Кешенді аралау барысында кеңес мүшелері Әл-Фараби бизнес мектебін, Экономика және бизнес жоғары мектебін, сондай-ақ заң, тарих, филология және журналистика факультеттерін аралады. Факультет декандары атқарылған жөндеу жұмыстары мен аудиториялық қордың жаңару барысы туралы баяндап, білім беру үдерісіне сай келетін жайлы әрі заманауи оқу ортасы қалыптасқанын жеткізді.

Бұл факультеттерде оқу аудиториялары мен лекциялық залдар толық жаңартылып, ортақ пайдалану аймақтары мен инженерлік желілер күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ оқу орнының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Әсіресе оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және еркін академиялық кеңістік қалыптастыруға ерекше мән берілген.

ылыми кеңес мүшелері корпустардың заманауи сәулеттік-дизайнерлік шешімдермен безендірілгенін және атқарылған жұмыстардың сапасын жоғары бағалады.

Экскурсия соңында Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев факультеттер инфрақұрылымын одан әрі жетілдіруді және жаңа оқу жылына жан-жақты дайын болуды тапсырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі